Тіл — татулықтың тірегі

Тіл

5-қыркүйек — тіл мерекесі. Бұл мереке «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланады. Сондықтан осынау атаулы күнге тіл мерекесін үйлестіріп, атап өтудің маңызы мен мәні зор.

Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп отырған сындарлы тіл саясаты – толерантты тілдік орта қалыптастыруда аса маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құн­ды­лықтардың бірі. Еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүруіне үйлесімді тіл саясаты тікелей ықпал етеді. Тәуелсіздік алған уақыттан мемлекеттің сындарлы саясатымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, өзге этностардың тілдерін сақтап қалуға, оқып-үйренуге қолдаулар көрсетіліп ке­леді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ ті­лінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн, – деп атап өткені белгілі. Бұл тіл саясаты мәселесінде бізден асқан ыждағаттылықты талап етеді.

Халқымызда «Тіл – ұлттың тірегі» деген салмақты сөз бар. Ендеше, тірегімізге тіреу болайық, Тәуелсіздігімізге сүйеу бо­лайық. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін! Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!

Нұрдәулет Ашенов
Арыс аудандық сотының судьясы