Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Абзал Қазанқапов Сауран аудандық мансап орталығының жұмысымен танысты. Орталық директорының міндетін атқарушы және қызметкерлермен кездесті.
Абзал Дәулетәліұлына 2024 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында атқарылған жұмыстар баяндалды. Аудандық деңгейдегі бос жұмыс орындары бойынша халықты еңбекпен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа бизнес-идеялары үшін гранттардың берілуін сапалы орындау және жастар практикасы бағдарламасына сәйкес бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру шаралары таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу — мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарына ие. Жиында А.Қазанқапов аудан тұрғындарының өтініштері негізінде жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Орталықта мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында халықпен етене жақын, ашық әрі әділ қызмет көрсету әр маманның парызы екенін жеткізді. Айтуынша әр маман өз міндетін орындау барысында тұрғындарды деректер базасына нақты мәліметтерді енгізу қажеттілігіне баса мән беруге тиіс. Сондай-ақ қызметкерлер жалған ақпараттарды пайдаланбау және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуі қажет. Жоспардағы тиісті межеге жету үшін жұмысты күшейту міндеттелді. Алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу керектігі ескертіліп, кездесу күн тәртібіндегі тапсырмалармен қорытындыланды.