Ағымдағы жылдың 24-27 мамыры аралығында Жамбыл облысының аумағында заңсыз көші–қонға қарсы іс-қимылға бағытталған «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Үш күн ішінде жамбылдық полицейлер Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 82 шетелдікті анықтады. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соттардың шешімі бойынша ТМД-ның 31 азаматы елден шығарылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын тұлғалардың тіркеу ережелерін бұзғаны үшін — 123 Қазақстан Республикасының азаматы, мемлекеттік шекарадан өту ережелерін бұзғаны үшін Қордай ауданында Қазақстан Республикасының азаматына қатысты 1 қылмыстық іс қозғалды.
— Полицейлер қолданыстағы заңнама аясында көші-қон ағынын реттеу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Бұл мәселе облыстың ПД басшылығының ерекше бақылауында, — деп атап өтті ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.