Шардарада диқандар күнбағыс өнімін шетелге экспорттамақ

күнбағыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Үкіметке ауыл шаруашылығында су үнемдейтін технологияны көптеп енгізу, суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру және егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту жөнінде міндеттерді жүктеп отыр.

Бұл бағытта Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылына қарасты «Иіржар Агро» ЖШС Түркияның технологиясымен және су үнемдеу әдісін пайдалана отырып, 525 гектарға күнбағыс (пісте) дақылын егіп, бүгінгі таңға 370 гектарында жиын-терім жұмыстары жүргізілуде. Күнбағыс дақылының әр гектарынан орташа түсімділік 20 — 21 центнерді құрайды.

Қазіргі таңда серіктестік 11 адамды тұрақты, 25 адамды маусымдық жұмыспен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ 23 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылған. «Иіржар Агро» ЖШС күнбағыс өнімін ҚХР, Түркия, Әзербайжан елдері мен ішкі нарыққа өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен бірге алдағы уақытта мемлекет қолдауымен шаруақожалықты дамытып, күнбағыс майын өндіру зауытын ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып сурару дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін.» дейді шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.