Қостанай облысы, Қамысты ауданы әкімдігінің орынбасары және ауылдық округ әкімдері «Қуатты өңірлер-ел дамуыны драйвері» ұлттық жобасының жұмыс күші мол өңірлерден әлеуетті қатысушыларын анықтау мақсатында арнайы іс-сапармен Арыс қаласының халқымен кездесу өткізді.
Халықпен кездесу барысында Қостанай облысы, Қамысты ауданына қарасты Аралкөл, Бестөбе, Адайев, Дружба, Алтынсарин, Клачков ауылдарында жеткілікті деңгейде жағдайлар жасалғандығын газ, сумен қамтамасыз етілгендігін, қажетті жұмыс күш қатарын толықтыруға шақыра отырып, механизатор, малшы, жүргізуші, дәнекерлеуші, бақташы, табунщик, ағаш шеберлері, бухгалтер, аспазшы, слесарь, электрик, фельдшер, ауыл кітапханашысы, агроном бос жұмыс орындарына қоныс аударушыларды шақырып, азаматтарға медициналық көмек көрсетілуін жеткізді.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды алаңдатқан сұрақтарға жауаптар берді. Кездесуде жалпы жүзден астам адам келіп, қоныс аудару бойынша ақпараттармен таныс болды. Насихат тобының өкілдері Арыс қаласының халқын Қостанай облысының Қамысты ауданына қоныс аударуға шақырды.
Сондай-ақ «Қуатты өңірлер-ел дамуыны драйвері» ұлттық жобасының жұмыс күші мол өңірлерден әлеуетті қатысушыларын анықтау мақсатында арнайы іс-сапармен Түркістан және Кентау қалаларында және Сауран мен Созақ аудандарының халқымен кездесу өткізді.
Халықпен кездесу барысында Қостанай облысы, Қамысты ауданына көшу барысы талқыланды. Кездесуде адамдар қоныс аудару бойынша ақпараттармен танысты. Насихат тобының өкілдері Түркістан және Кентау қалалары мен Сауран, Созақ аудандарының халқын Қостанай облысының Қамысты ауданына қоныс аударуға шақырды.