Түркістан облысы Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты N74 жалпы білім беретін мектебінде, «Білім сапасын арттыру: ізденіс, мақсат,нәтиже » тақырыбында 23.09.2024 — 10.10.2024 ж күндер аралығында қазақ тілі , орыс тілі , ағылшын тілі пән бірлестіктерінің «Тілдер онкүндігі» болып 8-9-10 сынып оқушыларына арналған мазмұнды және тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара аясында оқушыларға жоспарға сәйкес ашық сабақтар, сайыс сабақтар және ұлттық тәрбиені бойға сіңіретін кинолар көрсетілді. Ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері және жас мамандар қатысты. Ашық сабақтарда оқушылар оқу мақсаттарына жетіп, сергіту сәттерінде көңілдерін көтерді. Пән мұғалімдері сабақтарда «жасанды интеллекті» пайдаланды. Сыныптан тыс сайыс сабақтарда оқушылар белсенділік танытып, сыйлықтар ұтып алды. Қазақ әліпбиінің негізін қалаған , ақын, әдебиет зерттеуші ғалым,аудармашы ,ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы фильм көрсетілді. Көрсетілім ерекше форматта өтті: оқушылар кинотеатр стилінде ұйымдастырылған залға арнайы билеттермен кіріп, шара барысында әр түрлі тіскебасарлармен қамтамасыз етілді, бұл оқушыларға нағыз кинотеатралды атмосфера сыйлады. Фильмді көргеннен кейін, оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбектері жайлы өздерінің білген ақпараттарын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Мұндағы мақсат: оқушыларға «ұлт ұстазының » бастан кешкендерімен таныстырып , ұлттық рухтарын ояту.
Сонымен қатар, кино көрсетілімінің соңында үш тілде сұрақ-жауап кезеңі ұйымдастырылып, оқушылардың фильмнен алған әсерлері мен білімдерін сынауға мүмкіндік берілді. Сұрақ-жауап бөлімінен кейін, Kahoot платформасында қызықты әрі танымдық ойын өткізілді, бұл оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін бекітуге ықпал етті. Ойын нәтижесі бойынша жеңіске жеткен алғашқы үш оқушы арнайы сыйлықтармен марапатталды, бұл іс-шараның есте қаларлық сәтіне айналды.