Еңбек күніне орай спорт саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

спорт саласының

Еңбек күні қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және мекеме директорының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сембек Сариев ұжымдағы кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысымен жиын өткізіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Осы орайда, Жолдаудағы спорт мәселесі бойынша: «Бұқаралық спортты дамыту, жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуіне, ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша екеніне көбірек тоқталып, жақында өткен Олимпиадаға қатысудың қорытындысы қаралып, алдағы спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтар белгіленіп, іс-шаралар жоспары қабылданды. Бұл саладағы Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін беруі керектігі» айтылды.

Ұжым мүшелері толық қатысқан жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы мекеменің қызметкерлерін алда келе жатқан «10 қазан — Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, ұжым мүшелеріне филиалдың кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаттықтырушылары Емельянов Михаил Александрович және Подойникова Ольга Александровна «Еңбек озаты» төс белгілерімен, аға жаттықтырушы Алексеев Евгений Петрович және жаттықтырушы Ким Григорий Фарленович «Құрмет Грамоталарымен», оқытушы — жаттықтырушы Бидарев Юрий Васильевич және бөлме тазалаушы Бекботаева Әлия Саметқызы «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Жиын соңында мекеме директорының орынбасары Сембек Даулетбайұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.