Мониторинг фокус-топтарымен кезекті кездесу өтті

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Президент жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен белгіленген бағыттар бойынша, өңірлердегі мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдеріне мониторинг жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, Департаментте жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық мемлекеттік органдардың мамандары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құрылған фокус-топтарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында, барлық мемлекеттік құрылымдарда цифрлық шешімдерді енгізу, пайдалану және әкімшілік рәсімдерді автоматтандыру, сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау, бюрократия мен әуре-сарсаңның белгілерін анықтау және азайту жолдары талқыланды.

Кездесу қорытындысымен, іс-шараға қатысқан жұмыс тобының пікірлері тыңдалып, жоғарыда аталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.