Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары қорғалуда

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары қорғалуда

Елорда прокуратурасы тұрақты негізде ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға назар аударады.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде 380 адамға 10 млн. теңгеге жуық салық төлемдерін заңсыз есептеу анықталды.

Сонымен қатар, «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталын мониторингілеумен 1683 әлеуметтік нысанның 800-і ғана қолжетімділікпен қамтамасыз етілгені анықталды.

Қадағалау актісі бойынша 6 объектіде мүмкіндігі шектеулі 11 531 адамға қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.

Астана қаласының прокуратурасы