«Қазфосфат» ЖШС жаңа акционері «Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлердің әлеуметтік және тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту басты міндет екенін хабарлаған болатын деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Осы мақсатта «Қазақмыс» корпорациясы жалақы мөлшерін анықтау үшін сарапшыларды тартып, кәсіпорын қызметкерлері тұратын қалалардағы негігі азық-түлік өнімдеріне, азық-түлікке жатпайтын тауарларға, коммуналдық және басқа да қызмет түрлеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді.
Талдау қорытындысына сәйкес басшылық жалақыны 15 процентке арттыру туралы шешім қабылдады. Жылдың басында еңбекақының өсуіне байланысты 2021 жылы орташа жалақының жалпы өсімі 25%-ды құрайды.
Бұдан бөлек, «Қазфосфат» ЖШС басшылығы тұрмыстық жағдайы төмен қызметкерлерге атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасын әзірлеуде. Бұл ретте көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ «Қазфосфат» ЖШС басшылығы компания қызметкерлері тұратын қалаларда негізгі шығындық баптар бойынша баға мониторингін жүргізуді жалғастырады және қажет болған жағдайда олардың еңбегіне ақы төлеу жағдайларын жақсарту бойынша одан әрі шараларды жүзеге асыратын болады.
Бұдан басқа, «Қазфосфат» ЖШС жаңа басшылығының алдағы жоспарында өндірістік қуатты ұлғайтуға, өнімдер желісін кеңейтуге және әлеуметтік инфрақұрылымды салуға бағытталған инвестициялық қызметті жандандыру қаралған.