Түркістанда жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтарының жаңартылуы

жаяу жүргіншілер

Түркістан қаласы – тарихи және мәдениетімен танымал, қазіргі уақытта инфрақұрылымдық даму жағынан да белсенді жұмыстар жүргізіп жатқан қала. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы жүріс-тұрысын қамтамасыз ету үшін жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылып жатыр. Бұл бағытта қаламыздағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті Тілеу, С.Қожанов көшелері ерекше назарға алынып, заманауи стандарттарға сай келетін жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан қаласының инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің берген мәліметтері көңіл қуантады. Биылғы жылдың алғашқы алты айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке хан, О.Жарылқапов, Төле Би және О.Жандосов көшелерінің 123,28 км жол сызығы мен 7334 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды. Сонымен қатар, 31000 шаршы метр вело жолақтардың бояуы да жаңартылады. Бұл жұмыстар тұрғындардың жүріс-тұрысын жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Атап өтетін жайт, оқушылар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қала әкімдігі мен жол қызметінің басты назарында. Мектептер мен балабақшалар маңында 350 метрлік жол кедергісі орнатылып, жол белгілерімен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылының басталуына орай, қала мектептері маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы да жаңартылды. Бұл шаралар мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін арттырумен қатар, ата-аналардың да алаңсыз жүруіне мүмкіндік береді.

Түркістан қаласының инфрақұрылымын жаңарту барысында тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріледі. Бұл жұмыстың барлығы тұрғындардың жайлы өмір сүруін, қауіпсіздігі мен қала өмірінің сапасын арттыруға бағытталған. Қалалық билік құрылымдары мен жол қызметі арасында тығыз ынтымақтастық орнатылып, тұрғындардың мәселелері жедел шешілуде.

Жаңартулар тек жаяу жүргіншілер жолағымен шектелмейді. Алдағы уақытта да қажетті орындарда сызу жұмыстары жалғасады. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының жолда жүру тәртібін жақсартып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Түркістанда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне арналған шаралар тек қысқа мерзімдік іс-шаралар емес, қала мәдениетін қалыптастыратын тұрақты жұмыс болып табылады.

Түркістан қаласының инфрақұрылымын жаңарту – тек жолдардың бояуын жаңартып, белгілерді орнатудан тұратын шара емес, бұл – қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру, жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қала мәдениетін дамыту жолындағы маңызды қадам. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жол қозғалысының тәртібін қалыптастыру арқылы Түркістан – жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналмақ. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Түркістан тек тарихи қала болып қана қоймай, заманауи талаптарға сай келетін, қауіпсіз әрі жайлы қала болуға бағытталған қадамдарын жалғастыруда.