Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында «Хабар» Агенттігінің қызметкерлері жаңа баспаналарына қоныстанды деп хабарлайды ҚР АҚДМ Баспасөз орталығы.
Пәтер иелерін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары — Дәурен Абаев және ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрі — Аида Балаева құттықтады.
Жаңа «Хабар» тұрғын үй кешені елорданың көркем аудандарының бірінде орналасқан. Тұрғын үй — жерасты паркингі бар 10 қабатты заманауи ғимарат.
Агенттіктің үздік қызметкерлері пәтерлерді жалға алу құқығы аясында, кейіннен сатып алу мүмкіндігіне ұласатын жүйе арқылы алды. Тағы 200 қызметкер өте қолайлы шарттар бойынша жайлылық-санатындағы тұрғын үйден пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Анықтама үшін: «Хабар» Агенттігі — бұл құрамына: «Хабар», «Хабар 24», «Kazakh TV», «El Arna» сынды төрт телеарна кіретін Қазақстандағы ең ірі медиахолдингтердің бірі.