Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық Сыйлығын марапаттау рәсімі 2021 жылы 24 маусымда сағат 17.00-де, Нұр-Сұлтан қаласында «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында өтеді деп хабарлайды ҚР АҚДМ Баспасөз орталығы.
Іс-шара барлық санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жабық форматта өткізіледі.
Онлайн көрсетілімі urker-awards.kz ресми сайтында жүргізіледі. Іс-шара демеушілері «Қазақстан РТРК» АҚ мен «Хабар» АҚ агенттігі.
Қазақстандық «URKER» Ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін тағайындалады, талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аудару мақсатында 2017 жылы құрылған.