Шымкентте білім басқармасының басшысы тағайындалды

білім басқармасының

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы лауазымына Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызы тағайындалды.

Гүлназ Төрәліқызы 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жұрын совхозында туылған, қазақ, білімі жоғары.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — филолог (қазақ тілі мен әдебиеті), заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы.

Еңбек жолының 28 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

2018-2021 жылдары Ақтөбе облысының білім басқармасы басшының орынбасары.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі