Агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылған.
Осы орайда, Департаментке қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстар келіп түсуде.
Мәселен, «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша рұқсат қағазын ала алмай жатқанын жазып, аталған платформа арқылы көмекке жүгінді.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің араласуымен жүгінушінің өтініші Шымкент қаласы Полиция департаментінің көші-қон басқармасына жолданып, жүгінуші тиісті мемлекеттік қызмет түріне сәйкес рұқсат қағазын алды.
Осылайша, Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасына жүгінген қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 24/7 бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.