Шымкентте тазалық пен тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды

Шымкентте тазалық пен тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында полицейлер көпқабатты үйлердің ауласында фейерверк атып, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзған жастар тобын анықтады.

Тыныштықты бұзып, шу шығарғаннан бөлек, олар пиротехникалық заттардың қалдытарын тастап, аула аумағын ластаған. Балалар ойнап, тұрғындар демалатын аула ретсіз күйге түсірген.

Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын еске салды. Түнгі уақытта тыныштықты бұзу, белгіленбеген жерде пиротехника қолдану және қоғамдық орынды ластау үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, тұрғындардың тыныштығын құрметтеуге және қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Шымкент Қаласының ПД