2025 жылдан бастап қазақстандық жүргізушілер мемлекеттік көлік нөміріндегі әріптер мен цифрлардың кез келген комбинациясын таңдай алады.
Бұл норма Жаңа Салық кодексі жобасында көзделген. Құжат 2025 жылғы сәуірде Мәжіліс тарапынан мақұлданып, қазіргі таңда Сенат қарауында.
Арнайы нөмірлер үшін жаңа алым мөлшерлемелері:
Комбинация түрі Мысал Алым (АЕК) Құны (теңге)
Әдеттегі әдемі сандар 010, 020, 070, 707 57 АЕК 224 124 ₸
Әріптері де бірдей 010 AAA 114 АЕК 448 248 ₸
Қайталанатын сандар 100, 222, 888 137 АЕК 538 684 ₸
Әріптері де бірдей 111 BBB 194 АЕК 762 808 ₸
Сирек нөмірлер 001, 007, 777 228 АЕК 896 496 ₸
Әріптері де бірдей 007 CCC 285 АЕК 1 120 620 ₸
ЕСКЕРТУ:
Бұл өзгеріс Сенат мақұлдаған жағдайда күшіне енеді.
Алым мөлшері 2025 жылға арналған АЕК (3937 ₸) негізінде есептелген.
Арнайы нөмірлер тек өтініш берген азаматтарға ғана беріледі.