Полицияға облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны түнгі сағат 03:00-де белгісіз адам үйдің жанында тұрған «Ауди» маркалы көлігін ұрлап кеткендігі туралы шағымданды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 24 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол көлікті міну үшін ұрлап кеткенін түсіндірді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.