Түркістан облысының полицейлері мас халде жол көлік оқиғасын жасаған күдіктіні қамауға алды

Созақ АПБ-ға ауруханалардың бірінен хабарлама келіп түсті деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі. Онда «Екпінді-Бірлік» тасжолының бойында «Audi 100» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «Уаз» маркалы көлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасағаны көрсетілген. Салдарынан көлігінің ішінде болған жолаушылардың бірі қайтыс болып, қалған екі азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Полиция қызметкерлері хабарды алысымен бірден жолға шығып, оқиға орнына жедел жетті. Тәртіп сақшылары күдікті азаматты оқиға орнынан ұстап, ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, оның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет.