Шымкентте «Жылжымалы қабылдау» акциясы өтеді

«Жылжымалы қабылдау» акциясы өтеді

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында 23-27 маусым аралығында қаланың бес ауданында «Жылжымалы қабылдау» акциясы өтеді.

Іс-шара аясында азаматтарды қабылдау және тегін құқықтық көмек көрсету жүргізіледі. Құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері тұрғындардың өтініштерін тыңдау, түсіндірме беру және құқықтық мәселелерді шешуге көмек көрсету үшін халық арасына шығады.

Бұл — өз ауданыңызда мамандардан кеңес алып, сұрақтарыңызды қоюға тамаша мүмкіндік.

Қабылдау кестесі:

  • 23 маусым – Әл-Фараби ауданы, мекен-жайы: «Shymkent Plaza» СО
  • 24 маусым- Абай ауданы, мекен-жайы: ХҚО (Цон), Қажымұқан стадионы
  • 25 маусым — «Фиркан Сити» СО,  Тауке хан д.,330
  • 26 маусым — Жұмыспен қамту орталығы, Байтереков көшесі, 89
  • 27 маусым – «Royal Plaza» СО, Қонаев даңғылы, 122