Шағын аудандарда өрт сөндіру деполары салынуда

өрт сөндіру деполары

Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа өрт сөндіру деполарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда Таскен, Елтай және Сәуле шағын аудандарында өрт сөндіру деполарының құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді түрде атқарылып жатыр.

Бұл нысандар пайдалануға берілген соң мұнда әрқайсысында 20-ға дейін қызметкер жұмыс істеп, 2 өрт сөндіру көлігі тәулік бойы дайындықта тұрады. Сонымен қатар депо аумағында учаскелік полиция пункті, медициналық бекет, жол-патрульдік полиция бөлімшесі және өрт сөндіру бекеті қызмет көрсететін болады.

Жобаға сәйкес, бір қабатты ғимараттардың құрамында қызметтік кабинеттер, демалыс бөлмелері, асхана мен оқу сыныбы қарастырылған. Бұл өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын арттырып, төтенше жағдай туындаған сәтте жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда құрылыс қарқыны жоғары деңгейде. Құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталып, нысандар пайдалануға бе Айта кетейік, жыл соңына дейін қала аумағында мұндай нысандардың құрылысы Бозарық және Жанаталап шағын аудандарында да қолға алынбақ. Ал 2026 жылы өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити және Ақжар шағын аудандарында да жаңа өрт сөндіру деполарының құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Тұран шағын ауданында төрт өрт сөндіру көлігіне арналған ірі депоның құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының орындалу көрсеткіші 25 пайызға жетті. Бұл нысан – 2026 жылға өтпелі жоба саналады.

Жалпы, Шымкент қаласында өрт сөндіру инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту бағытындағы бұл бастама төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғау және қауіпсіздік деңгейін арттыру тұрғысынан айрықша маңызға игерілмек.