ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаментімен «EgovKzBot2.0» платформасына жүгінген қала тұрғынының құқығы қалпына келтірілді

EgovKzBot2.0
Агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылған.
Қазіргі таңда, Департаментке қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытында ұсыныстар келіп түсуде.
Мәселен, қала тұрғыны «дәрігердің қабылдауына жазылу» арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға дәрігерге жүгініп, баласы диспансерлік есепке алынған.

Алайда, ем қабылдауынан кейін диспансерлік науқастарды электронды тіркеу жүйесінен есептен қайта шығарылмағандығын көрсетіп, телеграмм бот платформасы арқылы көмекке жүгінді.
Департаменттің араласуымен, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан медициналық ұйымға жүгінушінің өтінішін жолдай отырып, баласының сауығуына байланысты диспансерлік науқастардың электронды тіркелімінен шығару жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.