2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.
🔹 «Қауіпсіз үй» – әр отбасының тыныштығы мен амандығына бағытталған маңызды бастама.
🔹 Басты ұстанымымыз: қауіпсіз ұя – бақытты өмірдің кепілі.
🔹 Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
🔹 Бір-бірімізге жанашыр болып, қорғап жүрейік!
Іс-шараға құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысады.
Негізгі мақсаттары:
- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
- Қауіп тобына жататын отбасыларды анықтау және қолдау
- Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету
Барша азаматтарды заң талаптарын құрметтеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам тыныштығын сақтауға шақырамыз!
