Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында «Ұрпақтар арасындағы өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу» тақырыбында мемлекеттік қызмет саласының ардагері, «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өткізілді деп хабарлайды Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі. Кездесуді таныстыру сөзімен Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мамытұлы Мыңбаев ашып, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Серік Әуесхановтың еңбек жолымен таныстырды. Серік Елемесұлы, мемлекеттік қызметшілерге халыққа адалынан қызмет етудің маңыздылығын және патриоттық, рухани адамгершілік құндылық басты назарда болу қажеттілігін атап өтіп, қызмет ету барысындағы тәжірибесімен бөлісті.Сонымен бірге, халыққа қызмет ету жағдайында туындайтын күрделенген мәселелерді шешу жолдарын және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы мен әлеуметтік жағдайын көтермелеу бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан сұрақтар қойылып, ортақ талқылауға салынып, кеңінен сұхбат қалыптасты.Мемлекеттік қызметтің тарихынан шерту алып, бүгінгі кәсіподақ қызметіндегі қызметкерлердің, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тоқталып, әрбір мекемеде кәсіподақ ұйымының болуы мен әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – ұжымдық шарттың қабылдануы қажеттілігін атап өтті. Алдағы уақытта да, мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін және еңбек қатынастары бойынша құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында осы сипаттағы іс-шараларды бірлесе өткізуге келісті.