Татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жоба

ұлттық құндылықтарды дәріптеу

«Адал азамат» жобасы – өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталған тәрбие бағдарламасы. Жобаның негізгі мақсаты – жастардың бойында адалдық, жауапкершілік, патриотизм, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту.

Жоба аясында білім беру ұйымдарында түрлі тәрбиелік іс-шаралар, кездесулер, түсіндіру жұмыстары, мәдени-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады. Сонымен қатар этносаралық татулықты сақтау, діни сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында жұмыстар жүргізіледі.

«Адал азамат» жобасы жас ұрпақты саналы, білімді, елжанды азамат етіп тәрбиелеуге және қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Жоба аясында Түркістан облысы көлемінде білім беру ұйымдарында, жастар орталықтарында және қоғамдық алаңдарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Сайрам ауданында Көлкент ауыл округінде орналасқан «№65 Әбдірашид Мұзрапов» атындағы ЖББМ-нің мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының бастамасымен «Адал азамат» жобасы аясында Көлкент ауылының биі Абдукаримов Мухаммаджан, Шапырашты ауылының биі Турусов Қабыл, М.Оразалиев ауылының биі Жандарбаев Рахым, көше комитеті төрағалары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен диалог алаңы ұйымдастырылды.

Диалог алаңында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы: Біздің Сайрам ауданы 40-қа жуық этнос өкілі бейбіт ғұмыр кешіп жатқан ортақ шаңырақ. Әрбір этнос өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қана қоймай, ортақ Отанымыздың өркендеуіне үлес қосып келеді. Бұл – халқымыздың кең пейілінің, мемлекетіміздің сарабдал саясатының жемісі. Татулық пен сенім – ел дамуының басты кепілі. Ынтымақ үстем болған жерде қоғамда өзара сыйластық орнығып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жеңілдейді деп, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау туралы ойымен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.