Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!

Діни экстремизм

Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл құбылыстар қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне зиян келтіреді. Сондықтан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу әрбір азаматтың, отбасының және мемлекеттің маңызды міндетіне айналып отыр.

Діни экстремизм – діни көзқарастарды шектен тыс ұстанып, өз пікірін өзгелерге күшпен таңуға ұмтылатын әрекет. Ал терроризм – саяси, діни немесе басқа да мақсаттарға жету үшін күш қолдану мен қорқыту әдістерін пайдалану. Бұл әрекеттердің ешқайсысы діннің шынайы қағидаларымен сәйкес келмейді. Кез келген дәстүрлі дін бейбітшілікке, мейірімділікке және адам өмірін құрметтеуге үндейді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың негізгі жолдарының бірі – діни сауаттылықты арттыру. Адам дін туралы дұрыс әрі сенімді ақпарат алған жағдайда радикалды идеялардың ықпалына түсу қаупі азаяды. Сондықтан жастардың діни білімді ресми және сенімді дереккөздерден алуына жағдай жасау маңызды.

Сонымен қатар жастарға сапалы білім мен тәрбие беру үлкен рөл атқарады. Патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, толеранттылық пен өзара сыйластықты қалыптастыру экстремизмнің таралуына тосқауыл болады. Отбасы мүшелері де балалардың тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың ортасын және интернеттегі белсенділігін бақылап отырғаны жөн.

Ақпараттық қауіпсіздік те маңызды мәселе болып табылады. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстары арқылы таралатын күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарап, олардың шынайылығын тексеру қажет. Экстремистік мазмұндағы материалдарды таратудан және қолдаудан аулақ болған дұрыс.

Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласы №16 колледж студенттерімен «Діни экстремизм терроризмнің алдын алу», — тақырыбында кездесуге Түркістан облысы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директор орынбасары Е.Бөриев, Түркістан облысы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қатысты.

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов: Жастарымыздың адасуына себеп болып отырған ғаламтор мен әлеуметтік желілер. Өкінішке орай, әлеуметтік желілер мен ғаламтор беттерінде тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, экстремистік сипаттағы топтардың әлеуметтік желілерде, адамды қызықтыратын түрлі материалдармен бөлісуі, жастардың ақпарттарды дұрыс сүзгіден өткізе алмауы адасуға әкеліп соғуда. Әлеуметтік желілерде ақпараттардың ашық болуы, әр алуан мағлұматтардың көптігі жастарымыздың санасының улануына әкеліп отыр. Теріс ағымдағы ұйымдардың басты құралы-халықтың сеніміне кіру. Көп жағдайда олар жастарға сенімді дос болуға тырысады. Жастарға қолдау көрсетеміз деген ұранмен жас өспірімдерге арналған спорттық жарыстар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Қамқорлықтың астарында деструктивтік бағыттағы уағыздар мен сананы улау жатады. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-баба дәстүрін ұлықтау арқылы да, елдің рухани байлығын мемлекеттік брендтерге айналдыру арқылы да жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалудағы бір тәсіл болып табылады деп сөзін қорытындылады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Терроризм мен экстремизмге, соның ішінде діни сипаттағы аталған келеңсіздіктерге қарсы күрес — мемлекет алдында тұрған басым міндеттің бірі. Діни экстремизм дегеніміз — саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт — дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жасайды деп сөзін қорытындылады.