ҚР Туризм және спорт министрлігі Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жәнібек Жұрқабаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спортын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Источник: с сайта gov.kz