ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 Шымкент қаласында депутаттардың, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің, аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының, құқық қорғау органдары мен мекемелер өкілдерінің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті.

 Сессия барысында депутаттар бірқатар ұйымдастырушылық және кадрлық мәселені қарады. Кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның жаңартылған құрамы бекітілді.

 Сонымен қатар, өз өтініші негізінде Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Баһадүр Нарымбетов «ӘDІLET» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайына кандидат ретінде тіркелуіне байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды.

 Сондай-ақ, өздері сайланған саяси партиялар қатарынан шығуына байланысты депутаттық өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған А.Найымбекова мен Б.Әшірбаев мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамынан шығарылды.

 Бұдан бөлек, кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып М.Қонақбаев сайланды.

 Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы болып Мұрат Жолдықожаев сайланды. Депутаттар оның жетекшілігімен өкілді және атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл нығайып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалардың тиімді жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

 Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Баһадүр Нарымбетовке ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегі, жергілікті өкілді органның дамуына қосқан елеулі үлесі, депутаттық корпустың тиімді қызметі мен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін алғысын білдірді.

Источник: с сайта gov.kz