Бұл сайлау арқылы қоғамның әртүрлі саласының өкілдері ортақ мүдде жолында бас қосып, халықтың ұсыныс-пікірлерін жеткізуге және ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады. Құрылтай жұмысына белсенді қатысу – азаматтық жауапкершіліктің және Отанға деген жанашырлықтың көрінісі.
Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – ел болашағына қосқан нақты үлесі. Сондықтан Құрылтай сайлауында белсенділік танытып, лайықты үміткерлерді қолдау – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне қызмет етеді. Бірлігімізді бекемдеп, ортақ мақсат жолында жұмыла әрекет ету – жарқын болашақтың кепілі.
» Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
Г.Тайтелиева
