23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауы – еліміздің болашағына бағыт беретін маңызды қоғамдық-саяси оқиға

Спортшы ретінде мен үшін тәртіп, жауапкершілік және ел намысын бәрінен жоғары қою – басты қағида. Жарыс алаңында әр жеңіс қажырлы еңбек пен дұрыс таңдау арқылы келсе, қоғамның дамуы да әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты.

Құрылтай сайлауы – әрқайсымыздың еліміздің дамуына өз көзқарасымызды білдіріп, ортақ іске үлес қосатын маңызды мүмкіндік. Белсенді азаматтық ұстаным таныту – елге деген жанашырлықтың, Отан алдындағы жауапкершіліктің көрінісі.

Біз спортта бірлік пен татулықтың, өзара қолдаудың арқасында биік белестерді бағындырамыз. Сол сияқты қоғамымыздың тұрақты дамуы да бірлігімізге, саналы таңдауымызға және ортақ мақсатқа ұмтылуымызға байланысты.

Баршаңызды 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамауға шақырамын. Бірге болсақ – берікпіз, бірлігіміз мықты болса – болашағымыз жарқын!

Абилхан Талғар