23 тамыз – ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын күн

Әрбір азаматтың ел дамуына қосқан үлесі – мемлекетіміздің жарқын болашағының берік негізі. Мен де қарапайым тұрғын ретінде адал еңбегім арқылы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосып келемін. Қай салада қызмет етсек те, бәрімізді біріктіретін ортақ мақсат – тұрақты, дамыған әрі қуатты Қазақстанды қалыптастыру.

Осы тұрғыдан алғанда, 23 тамызда өтетін сайлау – әрбір азамат үшін маңызды саяси оқиға. Бұл – өз таңдауымызды жасап қана қоймай, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқық. Әрбір берілген дауыс – Отанымыздың ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісі.

Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы әр азаматтың белсенді ұстанымына тікелей байланысты. Сондықтан сайлауға қатысу – тек құқық емес, ел тағдырына деген азаматтық жауапкершіліктің айқын белгісі. Саналы таңдау жасап, заң талаптарын құрметтеу – ортақ құндылықтарымызды нығайтатын маңызды қадам.

Ашықтыққа, әділдікке және заң үстемдігіне негізделген сайлау қоғамдағы сенім мен бірлікті арттырады. Ал бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ел ғана тұрақты дамып, болашаққа нық қадам басады.

23 тамыз күні әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, азаматтық ұстанымын білдіре алады. Елдің болашағына бейжай қарамайтын, жауапкершілікті сезінетін қоғам ғана қуатты мемлекет қалыптастырады. Сондықтан сайлауға қатысу – ортақ болашағымызға деген жауапкершілігіміздің нақты көрінісі.