Қазіргі таңда қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау — баршаға ортақ міндет. Осы тұрғыдан алғанда діни экстремизмнің алдын алу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Діни экстремизм қоғамдағы бейбітшілік пен келісімге қауіп төндіріп, адамдар арасында алауыздықтың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Діни экстремизмнің алдын алуда ең алдымен халықтың діни сауаттылығын арттыру қажет. Дін туралы дұрыс әрі сенімді ақпаратқа қол жеткізу адамды жалған түсініктер мен радикалды идеялардан сақтандыруға көмектеседі. Әсіресе жастардың әлеуметтік желілердегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуі маңызды. Күмәнді діни мазмұндағы ақпаратқа бірден сенбей, оның қайнар көзін тексеру — ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі.
Жастар — қоғамның болашағы. Сондықтан олардың тәрбиесіне, білім алуына және бос уақытын тиімді өткізуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Мектептерде, жоғары оқу орындарында және қоғамдық ортада діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу пайдалы. Мұндай шаралар жастардың сыни ойлау қабілетін қалыптастырып, түрлі радикалды идеяларға қарсы тұруына мүмкіндік береді.
Діни экстремизмнің алдын алуда отбасының да рөлі зор. Балаға кішкентай кезінен адамгершілік, толеранттылық, өзге адамдардың көзқарасына құрметпен қарау сияқты құндылықтарды үйрету қажет. Отбасындағы сенімді қарым-қатынас пен ашық әңгіме жасөспірімнің кез келген мәселені дұрыс қабылдауына ықпал етеді.
Сонымен қатар қоғамда діни және мәдени әртүрлілікке құрмет қалыптастыру маңызды. Қазақстандағы қоғамдық келісім мен тұрақтылық әр азаматтың өзара сыйластығына негізделеді. Әртүрлі дін өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі — ел бірлігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Осы орайда Түркістанда облыстық ауруханалардың бас дәрігерлерімен діни экстремизмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Мырзабай Қайсар қатысып, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың қоғамға тигізетін қаупі, олардың негізгі белгілері және алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидасының маңызына тоқталып, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.
Сондай-ақ медицина мекемелерінде діни алауыздық пен заңсыз үгіт-насихатқа жол бермеу, қызметкерлердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, күмәнді ақпараттарды таратпау және мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алу мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Кездесудің негізгі мақсаты — діни экстремизмнің алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және «Заң мен тәртіп».
