Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Жолдау жолдады.Халқымыздың игілігіне бағытталған басты құжат – оң өзгерістердің бастауы екенін айқындап тұрғандай. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықты атап өтті. Жолдауда әлеуметтік саладағы көптеген күрделі мәселелерге ерекше назар аударылды. Оның ішінде, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан көтеріліп келген өзекті мәселер, атап айтсам, ең төменгі жалақыны көтеру, жалақыны индексациялау секілді өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықтарға көңіл бөлінді.Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті. Бұл шешім еліміздегі ең төменгі жалақыға жұмыс істейтін бір миллион адамның өмір сапасын арттыруға тікелей байланысты. Еңбеккерлердің жалақылары артып, мерейі өсері анық. Дәл осы мәселе ҚР Кәсіподақтар Федерацияның төрағасы Сатыбалды Дәулеталин тарапынан үздіксіз көтеріліп келген болатын.Билік пен бұқара арасындағы тың өзгерістерге бастама болған Жолдауда мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқа да азаматтық қызметкерлердің жалақысын 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетіндігі жеткізілді. Мәдениет қызметкерлері және кітапханашылардың жалақыларын көтеру бойынша да Үкіметке ҚР Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан ұсыныстар берілген еді.Қазақ еліне барынша қамқорлық танытқан ел Президентінің бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған әрбір сөздің нақты іске айналатынына сенеміз!
Бауыржан Әлтеев,«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы»аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы