Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім. Көптеген дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық барлық салаларда таралған, сол арқылы экономиканың дамуына теріс әсер етеді. . Сыбайлас жемқорлықтың себебін анықтау, алдын алу және оны болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында профилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруды басты назарға алды. Осы бағытта құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүмкін еместігін айтты.

Бұл қоғамдық дерттің алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық  деп қабылдауы. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңмен бекітілген. Соның аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі  шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.

Жастар –еліміздің болашағы.  Қазіргі жастардың  бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін олардың бойында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Жемқорлыққа қарсы құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан адам оған жол бермейді.    Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Көпсалалы индустриалды — техникалық колледжі» МКҚК-да «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла, Адалдық алаңының жетекшісі Нұржахан Абуова мен кәсіподақ активі қатысты.

Семинар барысында ұжымға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар назарына арнайы бейнеролик көрсетілді.

Жиын соңында кәсіподақ мүшелері аталған тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.