Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6506 әскери бөлімінің үшінші жедел мақсаттағы батальоны қызметшілері қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметінде ашықтықты арттыру, қоғамдық бақылауды нығайту және бюджеттік процестерді цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері талқыланды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және әдеп кодексін сақтау, адал қызмет атқару және қоғам сенімін арттырудың маңыздылығы түсіндірілді.