Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып келген. Оның айтуынша тұрғын үйінен құрылысқа қажетті заттарын белгісіз азамат ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгеден асады. Хабар алысымен тәжірибелі сарыағаштық тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы бірден іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды тез арада аралап, куәлерден жауаптар алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, өзінің тұрғылықты үйінен ұстады. Оны бірден полиция бөліміне жеткізді. Күдікті орта жастағы азамат, яғни жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінде ұрланған құрылыс құралдары: ағашты кесуге, темірді бұрғылауға арналған құралдар заңды иесіне қайтарылды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері өз мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын, ал, көліктеріңізге дабылқаққыш орнатыңыздар. Қауіпсіздік шараларын іске асыратын болсаңыз, ұрылардың жолына тосқауыл боларымыз анық. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі