Алкоголизмнің алдын алу

Алкогольден бас тарту — денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы.
Алкогольді тұрақты қолдану тәуелділікке әкеліп, бауыр, жүрек-қантамыр жүйесі, ми және басқа мүшелердің қызметіне зиян келтіреді.
Алдын алу жолдары:

  • алкогольді ішімдіктерді қолданбау;
  • бос уақытты спортпен және пайдалы істермен өткізу;
  • күйзелісті алкогольсіз әдістермен жеңу;
  • алкоголь ұсынатын ортадан аулақ болу;
  • отбасы мен жақындардың қолдауын пайдалану;
  • тәуелділік белгілері байқалса, дәрігерге немесе психологқа ерте жүгіну.
    Есіңізде болсын: алкогольсіз өмір — дені сау отбасы, жарқын болашақ!

#Заңментәртіп