Келес аудандық ПБ қызметкерлері еліміздегі карантин режиміне байланысты егде жастағы тұрғындардың денсаулықтарына қауіп төндірмеу мақсатында аудан мен ауыл-аймақтарда ,елді- мекендерде тұратын ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға құжат ауыстыру, заңдастыру мәселелері бойынша әрдайым көмек көрсетіп тұрады. Осындай мәселелермен тексеріс жүргізу барысында , полиция қызметкерлері Абай ауылының тұрғыны, 1-ші топтағы мүгедек Наушабаева Айшагүл Амантайқызының жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігін анықтады.Осыдан кейін көші-қон қызметкерлері, тұрғынның құжаттарын тез арада рәсімдеп , дайындады.Қысқа мерзімде дайындалған төлқұжатты , Келес ауданы ПБ көші-қон полиция инспекторы , Келес аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына бекітілген полиция капитандары Сәкен Сәрсенбаев пен Жанболат Рахимов Абай ауылындағы А.Амантайқызының мекен-жайына арнайы барып, қарияға қайта рәсімделген жаңа төлқұжатын табыстады.67 жастағы ақ шашты ана полиция тарапынан осындай тиімді көмек берілгеніне қуанып, Келес ауданы ПБ қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі