Шымкент қаласы Абай полиция бөліміне 102-нөміріне 2021 жылдың 20-қыркүйегінде қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, Темірлан тас жолы маңында орналасқан техникалық жөндеу орталығына «Шевроле Каптива» көлігін жөндеуге қалдырғаны айтылады. Көлігін жөндеу жұмыстары аяқталған соң, көлігінде катализатор жоғын байқап қалған. Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі Құрметпен,