2021 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының «Алматы-Ташкент» тас жолының 476 шақырымында «Audi-А4» және «Toyota Camry» маркалы екі көліктің соқтығысуы орын алды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. «Toyota Camry» автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды.
Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: «Жол ережесін сақтамау қайғылы жағдайға алып келеді».
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі