Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысының м.а. К. Умировтың бұйрығымен Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысының орынбасары болып Орынбасар Лештаев тағайындалды. Департамент басшысы М. Тұрғараев жаңа құрамды ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.Орынбасар Лесбайұлы 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.Білімі-жоғары, заңгер, экономист.Алғашқы еңбек жолын Tүркістан қаласы прокуратурасында аға тергеуші қызметінен бастаған. Кейіннен Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокуратурасында аға тергеуші,, ОҚО сотының бас маманы, Соттардың жұмысын ұйымдастыру бойынша ОҚО соттары әкімшісінің орынбасары, ОҚО бойынша соттар әкімшісінің басшысы, Түркістан облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы қызметтерін атқарған.“ҚР Тәуелсіздігіне 20” жыл мерейтой медалі, 2 дәрежелі «Айбын» ордені, “Мінсіз қызметІ үшін” медалі, және т..б бірнеше қоғамдық ордендер мен медальдардың иегері,“Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалімен, Жоғарғы соттың құрмет грамоталары сондай ақ Түркістан облысының Түлкібас және Бәйдібек аудандарының құрметті азаматы марапаттарының иегері.
Түркістан облысының Әділет департаменті