2021 жылғы 1 қазан күні Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы ғимаратының мәжіліс залында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы Атқару Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, комитет мүшелері, мемлекеттік мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Отырысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов жүргізіп отырды.Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Атқару Комитетінің мүшелігінен шығару туралы.2. Атқару Комитеті мүшелерінің бос орындарына мүшелер сайлау туралы.3. «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының жеңімпазын марапаттау туралы.Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев кіріспе сөз сөйлеп, өз сөзінде «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы белсенді жұмыс жүргізіп, биылғы жылдың 9 айында 16 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашып, 642 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылғаны, ұйым саны жалпы 38 мекемеге және олардағы 2626 қызметкерлердің 91,2% немесе 2394-і кәсіподаққа мүше болып кіргені, 100% ұжымдық шарт жасалғаны, мекемелердің 30 бастауыш кәсіподақ ұйымында «Қалың қалай бастауыш ұйымы?» атты акциясы аясында кәсіподақ мүшелерінің жағдайымен танысып, 103 адамға түрлі дәрежедегі наградалар, оның ішінде филиалдың наградаларымен 83 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағының және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының наградаларымен 20 адам марапатталғанын ерекше атап өтті. Сонымен бірге заң клиникасы тегін жұмыс жасап жатқанын, федерацияның кәсіподақ жобаларын іске асыру жұмыстары туралы тілге тиек етті.Филиал төрағасы С.Әуесханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Жолдауына тоқталып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді баяндауға көшті.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің кәсіподақ комитетінің төрайымы Лаура Миятбекқызы Сүлейменова және «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің кәсіподақ комитетінің төрайымы болған Кулзада Абдыраманқызы Абдуллаева Шымкент қалалық филиалының Атқару комитеті мүшелігінен шығарылды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шымкент қалалық филиалының Атқару Комитеті мүшелерінің бос орындарына оның мүшелері болып Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты ММ-нің кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бердибекова Гүлсина Рахымбайқызы және Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бакиров Ержан Қамшыбекұлы сайланды.Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымы — «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» Шымкент қалалық байқауының жеңімпазы деп танылып, оған филиал атынан арнайы диплом мен бағалы сыйлық тапсыру туралы қаулысын қабылданды.
Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы