Құрметті білім беру саласының қызметкерлері!Қадірлі ұстаздар!
Елімізде қазан айының бірінші жексенбісі – мұғалімдер мерекесі. Қазақтың ұлы ақыны, хакім Абай атамыз айтпақшы, «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады». Ұстаздық – ең мəртебелі, жасампаз, шығармашылыққа толы еңбек. Ұстазға құрмет көрсету арқылы біз білімді терең меңгерген, ғылымды игерген ұрпақ қалыптастыра аламыз. Сіздер тәрбиелеген шәкірттер Қазақстанның болашақтағы даму деңгейін айқындайтын болғандықтан, жүктелген жауапкершілік салмақты. Бәсекеге қабілетті, білімді де білікті тұлғаларды тәрбиелеу жолындағы ұстаздардың табандылығы мен еңбекқорлығын, сабырлығы мен ізденімпаздығын айрықша атап өткен жөн. Кəсіподақтар федарациясы ұстаз еңбегін мемлекеттік қолдау жəне ынталандыруды күшейту жолында жүйелі жұмысын жалғастыра бермек.Білімге баулып, биікке талпындырған шәкірттеріңіз жоғары жетістіктерге жетіп, еліміздің мәртебесін асқақтатсын! Отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеймін!
Ізгі тілекпен,ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы С.Дәулеталин