Мың алғыс, ақ халатты абзал жан!

Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі өте жоғары. Адам өмірін құтқарып, екінші өмір сыйлап жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегі жоғары, өлшеусіз.

Ақ халатты абзал жан атану сөз жүзіндегі білімділікті ғана емес, жүректегі батылдық пен төзімділікті қажет етеді. Дертіне шипа іздеп келген әр адам өзің дәрігердің емдеп шығатынына сенеді және дәрігерге өмірін сеніп тапсырады. Ал бір адамның өмірін өз мойнына алу — оңай іс емес.

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Бұл күні — барлық ғұмырын өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн.

2014 жылы құрылған «Нұрболат» медицина орталығында 212 ақ халатты абзал жандар күн демей, түн демей 33 мыңнан аса халыққа қызмет көрсетіп келеді. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы «Нұрболат» медицина орталығының мекеме басшы Жарылқасын Мелдешов, «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облысы Сарыағаш аудандық комитеттің төрағасы Шірінбек Ешанкұлов, аталған мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қурбани Хасрау медицина қызметкерлеріне арнап, салтанатты жиын өткізді.

Жиында денсаулықты жақсарту жолында жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлерінің еңбектері еленіп, кәсіподақ атынан алғыс хаттар, құрмет грамоталар және сыйлықтар табыс етілді.

Құрметті Медицина саласы қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мың алғыс Сіздерге, ақ халатты абзал жандар!