2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында өткізілетін осы жедел- алдын алу іс-шарасының мақсаты учаскелік инспекторлардың, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлерінің күш салуымен әрбір әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру болып табылады.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар туралы мәліметтер алу үшін өз учаскелерін әрбір пәтер бойынша және үй аулаларын жеке аралап шығуды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, тұрғындарға ІІО учаскелік және кезекші бөлімдерінің байланыс мәліметтері бар визит карточкалары таратылатын болады.
«Участок» жедел- алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 912 пәтер мен 2106 жеке үйді аралап шықты. Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған 256-ға жуық адам және 111-ден астам азаматтық қару иелері тексерумен қамтылды. Іс-шара барысында құжаттарсыз жалға берілетін 6 пәтер анықталды, осыған қатысты ақпарат Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Жалпы, жедел-профилактикалық іс — шара басталғаннан бері 436 — ға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша «ҚР-да тіркеусіз тұру» – 100, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» -7, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Қоғамдық орында масаң күйде болу» — 39 адам.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдардың және жұртшылық өкілдерін жұмылдыра отырып, өзекті мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу шарасына түсіністікпен қарап, құқық бұзушылықтарды анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі