«Заң талабы» құқық қорғау орталығы осы жылдың тамыз айынан бастап «Сovid-19 кезеңінде әйелдер мен жасөспірім қыздардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасын іске асыра бастады. Жоба Сорос-Қазақстан қорының «Адам құқықтары» бағдарламасының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты-Түркістан облысындағы қыздар мен әйелдердің құқықтарын қорғау және ілгерілету.
«ТЖ режимі мен оқшаулау кезеңінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан біздің жедел желі телефонына жүгінулер саны артты. Тек 2021 жылдың басынан бері жүзден астам өтініш келіп түсті. Өкінішке орай, гендерлік зорлық — зомбылықтың жоғары деңгейі, сондай-ақ дәстүрлі патриархалдық нормалар мен стереотиптер Түркістан облысында гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге кедергі келтіреді», — дейді «Заң талабы» құқық қорғау орталығы» ҚБ төрағасы Юнусов Мурад.
Жоба аясында ұйым тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеді және Түркістан облысындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы туралы мониторингтік зерттеу дайындайды.
«Заң талабы» құқық қорғау орталығы