Ағымдағы жылдың 4-қазан мен 4-қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 4797 қару иелері және 49 күзет агенттігі тексерілді. 76 құқықбұзушылық анықталды. 13 қару және 1 оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Заңсыз айналымнан отты атыс қаруды, оның оқ-дәрілерін және суық қаруды алып жүрудің 11 жайты анықталды. «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы 2021 жылдың 4-қарашаға дейін жалғасатын болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі