Ағымдағы аптада Департаменттің ұйымдастыруымен өңірдегі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп денсаулық сақтау, халықты тіркеу және қорғаныс салаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «ОНЛАЙН ЖӘРМЕҢКЕ» өткізілді.
Жәрмеңкенің мақсаты – азаматтарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру.
Тікелей эфир барысында қала тұрғындарымен кері байланыс орнатылып, барлық сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді Халықтық кеңселер және «Электронды үкімет» порталы арқылы алу тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Айта кету қажет, аталған іс-шара алдағы уақытта да арнайы бекітілген кестеге сәйкес басқа да салалардағы мемлекеттік қызметтерді қамти отырып, өз жалғасын табатын болады.
Осыған сәйкес, арнайы бекітілген кесте алдын ала Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады.
Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.
ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті