Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған жұмысшы топ мүшелерімен Шымкент қаласының дін істері жөніндегі, Мемлекеттік сатып алу, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының басшылығы мен қызметшілеріне түсіндірме семинарлары өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірмелер берілді.
Осы ретте, Департамент өкілі Д.Жанысбек, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Акишев және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілі Ғ.Шарипов мемлекеттік органдарда қашықтықтан және аралас режимді, жұмыстың икемді кестесін енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыру сұрақтарына, сондай-ақ еңбек заңнамасын қатаң сақтау, оның ішінде үстеме жұмысқа негізсіз тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше тоқталып өтті.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болу негіздері түсіндіріліп, тәжірибеде кездесетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтірілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті