Қыс мезгілінің қаһарына мінетін кездің де ауылы алыс емес. Бұл мезгіл өзінің табиғи ерекшеліктеріне орай түрлі тосын жағдайларға толы болып жататыны да белгілі. Осынау сәтті пайдалынып су айдындарында балық аулаушылардың қарасы да көбейеді. Мұз үстінде сүйікті іспен айналысатындардың көбісі қауіпсіздік ережелеріне құлақ аспай, қиын жағдайларға тап болып жатады. Мұндай жағдайда ең бастысы қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын қаперден шығармаған абзал.Қыста су айдындарында балық аулауға бару алдында, келесіні зерттеп әрі есте сақтау керек: — учаскелерге тез жетуге болатын жағаға жақын орналасқан, таяз орындардың бағытын есте сақтау ; — мұз осалдығын көрсететін белгілерге назар аудару керек;- жағалаудан балық аулау орындарына дейін қосымша бағдарды жоспарлау;- басқа балықшылардан 3 метрден астам арақашықтықты сақтау;- сізде судан шығуға немесе құлаған өзге балық аулаушыға көмек бере алатын қандай да бір құрал болу қажет; — ең мықтысы — таза, мөлдір мұз, лайланған мұз сенімсіз екенін ескеру керек;- қар басқан учаскелерде су айдындарында бұлақтар құятын жерлерде, әдетте, мұз жұқа болады;- жалғыз жаяу жүргіншілер үшін мұз қалыңдығы кемінде 7 см, ал адамдар тобы үшін – 12 см болғанда берік болып саналады;- тұманды кездерде кезде мұз үстімен қозғалуға болмайды. Басты ережелердің бірі — алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланбау. Көпшілік үшін балық пен аң аулау – тағы да бір мәрте спирттік ішімдікті ішу және де оны жылыту құралы деп есептейді. Керісінше алкоголь уақытша ғана әсер етіп зейінді төмендетеді, сонымен қатар сіздің қатты үсік алу қауіпіңіз бар.Суға батып бара жатқан адамды құтқару және алғашқы көмекМұз жарылып, суға құлап кеткен адамға көмек көрсету үшін: — құлап кеткен адам еститін етіп айқайлап, оған көмектесетіндігіңізді айтыңыз, бұл оған күш және сенімділік береді;- арақашықтығы 3-4 метр жерден оған арқан тастап, тақтай, таяқ немесе оған ұқсас затты созыңыз;- зардап шеккен адамды желден қорғалған орынға орналастыру қажет, ол жылынуы үшін кез-келген киім-кешекпен орау керек, ыстық шай, кофе берген пайдалы, тез жылыту үшін адам денесіне ыстық сумен толтырылған темір құтыны, бөтелкелерді, жылытқыны жастау керек. Қателіктер қайталанып, өкініштен бармақ тістемейік десек аталған қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындауға ықыласты болғанымыз жөн.
О. Туртбаев Қызмет бастығының орынбасары, әрі жедел-құтқару жасағының басшысы-құтқарушы